"Қаржы орталығы" АҚ өкілдерімен кездесу
+7 (7222) 42-32-24

"Қаржы орталығы" АҚ өкілдерімен кездесу

📍Кеше, 9 қазан күні университетімізде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бакалавриат, магистратура және докторантура бөлімдерінде білім алып жатқан, 2025 жылы оқу бітіретін түлектерге мемлекеттік грантты міндетті жұмыспен өтеу талаптары туралы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуді «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Ақзира Серікқалиқызы өткізді.

🎯 Іс-шара мақсаты – оқу бітіретін жастардың білім алуына жұмсалған мемлекет қаржысын міндетті еңбекпен өтеу ережелерін түсіндіру және ауыл квотасы бойынша білім алып жатқан жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, оқу бітіретін жас мамандарға ауылды жерде жұмыс жасауға жолдамалар беру мәселелерін талқылау.

🗣️ Спикер мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған түлектердің еңбекпен өтеу мәселелеріне «Қаржы орталығы» мониторинг жүргізетінін түсіндірді. Жас мамандар өз міндеттерін орындамаған жағдайда, "Қаржы орталығы" арқылы білім алуына жұмсалған мемлекет қаражатын толығымен қайтаратыны туралы ескертті.

✨ Кездесуге қатысқан білім алушылар спикерге өз сұрақтарын қойып, толғандырған сауалдарына жауаптар алды.



Бөлісу: