Құрметті жұмыс берушілер мен қымбатты университет бітіретін соңғы курс студенттері!
14 мамыр күні Әлихан Бөкейхан Университетінде биылғы оқу жылы Университетті тәмамдайтын студенттерге арналған "Job Fair – 2025" атты Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шара барысында Университетіміздің Заң факультетін, Ақпараттық технологиялар және экономика факультетін және Гуманитарлық факультетін түрлі білім беру бағдарламалары бойынша бітіретін түлектерге Абай облысы аумағында еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріліп, бітіруші түлектер мен жұмыс берушілердің көзбе-көз жүздесулері ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен мамандары, Абай облысы соттары, прокуратурасы, ішкі істер органдары мен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басшылары мен жетекші мамандары, білім беру ұйымдарының, түрлі бағытта қызмет атқаратын мемлекеттік және жекеменшік мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен мамандары, Әлихан Бөкейхан Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен оқу бітіретін түлектері қатысты.
Іс-шара барысында Университет бітіруші жас мамандар жұмыс берушілермен тікелей байланысқа түсіп, жұмысқа тұру мүмкіндігін алды.
Жұмыс берушілер, өз кезегінде, Университет бітіретін жас мамандар арасынан өз мекемелеріне қажетті кәсіби мамандарды таңдап алу мүмкіндігіне ие болды.



- Оқылды: 72