✨ Әлихан Бөкейхан университеті білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру аясында жыл сайын өз студенттерін шет елдерді жоғары оқу орындарына жібереді.
🌍 Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттердің кәсіби білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтуге, шет мемлекеттердің мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
🔸Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу конкурстық негізінде жүзеге асырылады және екі кезеңнен тұратын іріктеу рәсімін қамтиды. Іріктеу барысында студенттер өздері таңдаған шетелдік университеттер мен ол жерде оқитын бағдарламаларына сәйкес ағылшын не түрік тілдерінен емтихан тапсырады.
🔹Алдымыздағы 2025–2026 оқу жылының күзгі семестрінде шетелде білім алуға үміткерлерді іріктеу рәсімі ағымдағы жылдың мамыр айында өткізілді. Іріктеу нәтижесінде Alikhan Bokeikhan University-дің 13 студенті күзгі семестрде Польша, Түркия және Өзбекстан мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарына бір семестрлік оқуға жіберілетін болды.
✨ Атап айтқанда:
- «Тергеу және прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетіне (Нүкіс қ., Өзбекстан) және Белосток қаласындағы University of Bialystok-қа (Польша) барады.
- «Ағылшын тілі екінші шет тілін қосымша оқытумен», «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттері Түркияның Денизли қаласында орналасқан Pamukkale University-де білім алады.
🤝 Студенттердің шетелде білім алуы университеттер арасындағы екіжақты келісімдер негізінде, сондай-ақ білім алушылардың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
💐 Күзгі семестрде шетел асып, өз білімдерін тереңдететін Әлихан жастарына сәттілік пен ұмытылмас әсерлер тілейміз!
- Оқылды: 149